Әр елдегі адамдардың бір күндік асы - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорниялық фотограф Петер Менцель (Peter Menzel) мен оның әйелі Фэйт Д'Алуизио (Faith D'Aluisio) үш жыл бойы әлемнің 30-дан астам еліне саяхат жасаған. Ерлі-зайыптылар сапарларында түрлі шығармашылық ізденістерге барып, зерттеулер жүргізген. Олар әртүрлі ұлт өкілдерінің бір күндік асының құрамына қандай тағамдар кіретінін білу мақсатында арнайы фотосесиялар ұйымдастырады. Суреттерден әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерін де байқауға болады. Бұл туралы 24.kz жазады.

Әр елдегі адамдардың бір күндік асы - ФОТО

Мәселен, жоғарыдағы суреттен біз неміс қызы Робин Вайзер-Линнартздың наубайханасын көре аламыз. Оның бір күндік асы шамамен 3700 калория болады.

Каирдегі түйе сатушы. Оның бір күндік асы 3200 калориядан тұрады.

Чэнь Чжэнь - Қытайдағы Шанхай университетінің студенті. Оның тәуліктік асы 2600 калориядан тұрады.

Мария Эрмилинда Айма Сичигало - Эквадордың Тинго ауылында өмір сүретін фермер әйел. Ол бір тәулікте 3800 калориялы тағам тұтынады екен.

Инуиттық сабын жасаушы Вилли Ишулутак. Ол әр күн сайын 4700 калориялы тағам жейді.

Сюй Жипенг - Қытайдың Шанхай қаласында тұратын штаттан тыс графикалық дизайнер әрі геймер. Оның бір күндік асы 1600 калорияны құрайды.

Канадалық қызметші Нейл Джонс бір күнде 2600 калориялы тағам тұтынады.

Дин Мемон - АҚШ-тың Чикаго қаласының тұрғыны, таксист. Ал оның бір күндік тағамы 2000 калория болады.

Кэтрин Навас - Каракас (Венесуэла) орта мектебінің оқушысы. Ол бір тәулікте 4000 калориялы тағам жейді.

Америкалық алысқа қатынайтын жүргізуші (дальнобойщик) Конрад Толби бір күнде 5400 калориялы тағам жейді екен.

Лан Гуйхуа - Қытайдың Сычуань провинциясының фермері. Оның бір тәулікте жейтін тағамдарының калориясы 1900 болады.