Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әр елдің ерекшелігі көрсетілген әлем картасы жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инфографика жасаудың шебері Дэвид МакКэндлесс әр елдің қай салада ерекшеленетінін көрсетіп, әлем картасын жасады. Кейбір мәліметтер өте қызық, деп жазды Моя планета.

Әр елдің ерекшелігі көрсетілген әлем картасы жасалды

InformationisBeautiful.net сайтында жарияланған картада берілген мәліметтер Бүкіләдемдік банк статистикасы мен Гиннестің рекордтар кітабына дейін түрлі дереккөздерден жиналған.

Карта авторының пікірінше, Қазақстан уран өндіруден ең алдыңғы орында. Ал Ресей бейнерегистраторларды қолданумен танымал. Ресей автокөліктері түсірген жол оқиғалары видеоларының Батыста өте танымал екені анықталды.