Әр түрлі бағыттағы жазғы тегін мектептерге 60 жамбылдық оқушы қатыспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Светлана Шевченко мәлімдеді.
None
None

Жазғы демалыс кезіндегі барлық іс-шараға 1-10 сыныптарда оқитын 187 029оқушыны толық қамту жоспарланып отыр. Оның  87%  (162 622 оқушы) - жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен (2015 жылы - 85%), 57,6%-ы (107 675 оқушы) - еңбекпен және демалыс шараларымен қамтылады. Балалардың жазғы сауықтырылуы мен демалысын, бос уақыттарын ұйымдастыру 2 бағытта жүргізілмек:   1-ші бағыт бойынша - 162 622  оқушы лагерьлерде демалады.

«Облыста 10 сауықтыру лагері бар (6 мемлекеттік, оның ішінде 1 лагерь сенімгерлік басқаруға берілген, 4 мемлекеттік емес). 10 сауықтыру лагерінде  - 7410 оқушы;        тамақ ішуді ұйымдастыратын мектеп жанындағы 369 демалыс алаңында  - 32534 бала (2015 жылы -26354); тамақ ішуді ұйымдастырмайтын 426 демалыс алаңында - 113267 бала (2015 жылы - 112408 бала); Республикалық сауықтыру орталықтарында  - 124 бала;

ата-аналар мен демеушілер есебінен  - 9287 бала»,- деп атап өтті спикер.

  «2-ші бағыт бойынша - балалардың демалысы мен бос уақыттарын ұйымдастыру шараларына 107675 бала ( 57,6%) қамтылады. Туристік саяхаттар мен экскурсияға қамтылатындар - 8692; мектептер мен мектептен тыс білім мекемелеріндегі тіл үйрену, спорттық, өнер бағыттары бойынша үйірмеге қамтылатындар - 60076; еңбек жасақтарында - 35207 (көгалдандыру, жөндеу жұмыстары); аула клубтарында - 3700»,- деп ақпараттандырды С.Шевченко.

   Іс-шаралар жоспарына сәйкес биылғы жазғы маусымда дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаттары базасында ағылшын тілін үйрену курстарын ұйымдастыру және жоғары оқу орындарында ағылшын тілі мамандығы бойынша оқып жатқан 3, 4 курс білімгерлерін волонтер ретінде жаз мерзімінде мектептердегі ағылшын тілі үйірмелеріне тарту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №02-5/217 хатына сәйкес,                2016 жылдың маусым айының 13-24 күндері өңірлердегі барлық «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» жалпы орта мектептерінде оқитын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары мен білім үздіктеріне арналған әр түрлі бағыттағы жазғы тегін мектептерге облысымыздан 60 оқушының қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар