Араб әлеміндегі тәртіпсіздіктерді Израиль мен АҚШ ұйымдастырып отыр - Йемен президенті

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат -Йемен Президенті Әли Абдул Салех өңірдегі халық толқуларын арандатып отыр деп Израиль мен АҚШ-ты айыптады.

Араб  әлеміндегі    тәртіпсіздіктерді  Израиль мен АҚШ  ұйымдастырып отыр - Йемен   президенті

Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

«Араб әлеміне жайылып отырған тәртіпсіздіктерді Вашингтонның бақылауымен Тель-Авив дайындап отыр»,- дейді Йемен басшысы. АҚШ Президенті Барак Обаманың әкімшілігі бұл мәлімдемені теріске шығарды. Ақ үй өкілі Джей Карни Әли Салехке «кінәні басқаға жаппай, оппозицияның талаптарын орындауды» ұсынды. Израиль тарапының реакциясы әзірге беймәлім.

Ал 1 наурызда Йеменнің ірі қалаларында шерулер өтіп, оған қатысушылар Ә.Салехтің отставкасын талап етті. Йеменнің екі үлкен тайпалық конфедерациясы оппозицияның жағына шығып отыр. Аған дейін оппозиция коалиция құру туралы президенттің ұсынысынан бас тартқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Әли Салех 1978 жылдан бері, яғни 30 жылдан астам уақыт билік басында отыр.