Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Араб Әмірліктерінде Ауғанстанда қаза тапқан дипломаттарды ақтық сапарға шығарып салды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сенбіде Әбу-Даби қаласындағы Әл Батин әскери әуе айлағына Ауғанстаннан келген ұшақ Қандағар провинциясында теракті кезінде қаза тапқан төрт Әмірліктің дипломатының денесін жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.  

Араб Әмірліктерінде Ауғанстанда қаза тапқан дипломаттарды ақтық сапарға шығарып салды

Сәрсенбіде Қандағарда болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты, оның ішінде Ауғанстандағы БАӘ елшілігінің 4 дипломаты да бар. Теракті кезінде 18 адам зардап шекті.

Араб Әмірліктерінің жұрты Абдулхамид Сұлтан Әл Хаммади, Абдулла Мохаммед Әл Кааби, Ахмед Абдулрахман Әл Тунайджи мен Ахмед Әл Мазруимен қоштасты. Шариғат заңына байланысты жерлеу Әбу-Даби, Әл-Айна, Шарджа  және Рас-Әл-Хаймда сол күні жүргізілді.

Сенбіде БАӘ Қарулы күштерінің бас қолбасшысының орынбасары, мұрагер ханзада Әбу-Даби шейх Мохаммед бен Зайед Әл Нахайян Қандағарда зардап шегіп, қазір ауруханада жатқан бесінші дипломат Мүбарак Әл Саудидің хал-жағдайын сұрап қайтты.

- Ешқандай қылмыстық терактілер БАӘ халқының қауіпсіздік пен бейбітшілікті таратуды жалғастыру жөніндегі алған бетінен қайтара алмайды, деді шейх Мохаммед.