Араб Әмірліктерінің астанасы әлемнің таңдаулы қаласы атанды

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат -- Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы - Әбу Даби әлемнің таңдаулы қаласы атанып, International Awards for Liveable Communities (LivCom Awards) халықаралық сыйлығына ие болды.

Араб Әмірліктерінің астанасы әлемнің таңдаулы қаласы атанды

Әртүрлі санатта 32 елден 60 қала сынға түсті. Әбу-Даби  халқы 400 мыңнан асатын 11 қаланың ішінде жеңімпаз болды, хабарлайды Khaleej Times басылымы.

Қазылар алқасы барлық елдерді негізгі алты өлшем бойынша бағалады. Олар: «табиғат және жасанды орта», «қоршаған ортаны қорғау бойынша таңдаулы практикалық тәжірибе», «қоғам өміріне қатысуы», «өнер, мәдениет, және мәдени мұра», «қалалық жоспарлау» өлшемдері бойынша анықталды.