Араб елдері бірігіп, Эбола вирусының аймаққа таралуынан сақтанбақ

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесіне мүше алты ел аймаққа қауіпті Эбола вирусының таралмауы үшін бірігіп қарсы тұру бойынша келісімге келді.

Араб елдері бірігіп, Эбола вирусының аймаққа таралуынан сақтанбақ

Сәрсенбі Эр-Риядта БАӘ, Катар, Оман, Кувейт, Бахрейн және Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлерінің арасында сәйкес келісім жасалды. Араб «алтылығының» медициналық шенеуніктері Әмірлік астанасында қауіпті вирусты емдеу және диагностикалау аймақтық орталығын құру бойынша шараларды талқылауға жиналды.

«Кездесу уақытымен өтті. Делегаттар аймақта Эболаны таратуға жол бермеу үшін бар күшін салуға келісті», - деді ПШАМЫК (Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі) денсаулық сақтау министрлерінің атқару аппаратының бас директоры Тауфық Қожа.

ДДҰ аурудың күшейіп жатқанын және оны тоқтату үшін шұғыл шаралар қолдану керектігін ескертеді.