04:16, 21 Қазан 2013 | GMT +5
Араб елдері Сауд Арабиясын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қайта оралуға үгіттеуде
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Араб мемлекеттері Сауд Арабиясын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі орнынан бас тартуы жөніндегі шешімін қайта қарауға шақырды.

Бірнеше араб елдерінің елшілері шұғыл отырыс өткізіп, оның қорытындысы бойынша Сауд Арабиясының арабтар мен ислам мүддесін қорғауы үшін Қауіпсіздік кеңесі жұмысына қатысуы қажеттігі жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады.