Араб елдеріндегі оқиғалар бүкіл әлем үшін жағымсыз салдар тудыруы мүмкін - В.Путин
ССЕЛЬ. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Араб елдеріндегі жағдайлар бүкіл әлем үшін жағымсыз салдарлар тудыруы мүмкін.
Мұндай пікірді Брюссельде Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен бірлескен баспасөз мәслихаты барысында РФ Үкіметінің төрағасы Владимир Путин білдірді.
Оның айтуынша, Ресей араб елдерінде тәртіп сақтау күштерімен болған наразылық танытушылардың қақығыстарында қаза тапқан құрбандар санына алаңдаушылық танытып отыр. Сонымен қатар Ресей тарапы Солтүстік Африкадағы радикалдық топты күшейту Солтүстік Кавказға ықпал етіп, бүкіл әлем үшін жағымсыз салдар әкелуі мүмкін деп қауіптенеді.
Сонымен қатар ол халықаралық қоғамдастықтар қалыптасқан жағдайда өте ұқыпты іс-әрекет етіп, әлемнің басқа өңірлерінде болып жатқан жағдайларға құрметпен қарады деп есептейді.