Араб елдерінің басшылары Мүбарактың бостандығын миллиардтаған долларға сатып алмақ
Бірнеше елдің басшылары Мүбаракты құтқару мақсатында қазір Мысырдың әскери хунтасымен келіссөздер жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, билік басында 20 жыл отырған Мүбарак ағымдағы жылы 11 ақпанда мемлекет басшысы өкілеттігін тапсырған болатын. Оның отставкаға кетуіне 25 қаңтардан бері жалғасқан үкіметке қарсы шерулер себеп болып еді. Қазір Мысырдағы билік қорғаныс министрі, генерал Мохаммед Тантауи басшылық ететін Қарулы күштердің жоғарғы кеңесіне көшті.
Мүбаракқа сыбайлас жемқорлықпен айналысты және лауазымын асыра пайдаланды деген айыптаулар тағылуда. Егер, Хосни Мүбарак осы айыптаулар бойынша кінәлі деп танылатын болса, оны өлім жазасы күтіп тұр.
Мүбарактың екі ұлы -Алаа мен Гамальдың да қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын. Олар қаңтар-ақпан айларындағы демонстрацияларды қуып-таратудағы рольдері үшін және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапқа тартылады.