02:46, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
Араб елінде Skype-ке тыйым салынуы мүмкін
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы елдің телекоммуникациялық компаниясына Skype, Whatsapp, Viber, Line секілді мәлімет берудің шифрланған арналарын пайдаланатын қосымшаларға тыйым салатынын айтып, ескерту жасады.

Егер аз уақыттың ішінде жоғарыда аталған электронды сервис түрлеріне бақылау орнатпаса, билік осындай шешім қабылдауы мүмкін. Бұл жайында Ahrarpress хабар таратты.
Сауд Арабиясының байланыс және ақпарат технологиясы департаменті жергілікті компанияның алдына әлгіндей платформаларды пайдаланудың қауіпсіз жолын табу, бақылау орнату міндеттерін қойды. muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш компания биліктің бұл талабын осы аптаның соңына дейін орындап үлгеруі керек. Ал айтылған уақытта талап орындалмайтын болса, билік тарапы аталған сервис түрлеріне тыйым салады.