Араб ғалымдары шұбаттың қандай ауруға ем екенін анықтады
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат -Сиыр сүтіне қарағанда шұбаттың емдік қасиеті әлдеқайда мол екен. Сауд Королі университетінің ғалымдары АҚШ, Канада және Ұлыбритания ғалымдарымен бірігіп осындай тұжырымға келген
muslim.kz сайтының жазуынша, зертханалық сараптаманың көмегімен ғалымдардың шұбаттың құрамында сиыр сүтіне қарағанда D дәрумені 15 есе көп екенін анықтаған. Яғни, D дәрумені жетіспеушілігімен ауыратын адамдарға дәрігер шұбат ішуге кеңес берсе де болады. Қазіргі уақытта зерттеушілер бірқатар медициналық, нақтырақ айтқанда микробиологиялық тәжірибелер жүргізуде. Содан кейін барып қана шұбаттың пайдасы жөніндегі кешенді қорытынды шығармақ.