Араб координациялық тобы Қазақстанға инвестиция салады

Араб координациялық тобы Қазақстанға инвестиция салады
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM - Венада өткен форум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды. 

Қор әртүрлі экономикалық салаларда тұрақты даму және жеке сектор жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Жалпы, Араб координациялық тобының қорлары ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру үшін инвестициялар тартады. 

«Ислам даму институттарының қаржыландыру шарттары халықаралық капитал нарығындағы ең бәсекеге қабілетті шарттар саналады. Сондықтан Араб координациялық тобымен ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық – біздің инвестициялық саясатымыздың басым бағыты», - деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров. 

Соңғы жаңалықтар