Араб мемлекеттері лигасының бас хатшысы Мысыр президенттігі үшін сайлауға түсуі мүмкін - РБК

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы Әмір Мұсса Мысыр президенттігі үшін сайлауға түсуі мүмкін.
None
None

Бұл туралы Әмір Мұсса француздың Europe1 радиостансасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Президенттік сайлауға түсу ықтималдығы туралы сауалға берген жауабында Ә.Мұсса: «Неге түспеске?», деп жауап берді. Лига басшысының айтуынша, Хосни Мүбарак ел президенттігінде әлі 7 ай бойы отырады - оның президенттік мерзімі 2011 жылдың қыркүйек айында аяқталады. Дегенмен, Ә.Мұсса, «елдегі және Мысырдағы қалыптасқан қазіргі шектен тыс жағдайға байланысты Хосни Мүбарактың президенттіктен ертерек кету ықтималдығын» да жоққа шығармады.

Президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға әзір екендігіне қарамастан, Ә.Мұсса, сайлаудың жақын арада өтуі екіталай екенін атап көрсетті. Ол сондай-ақ Мысырдың «өтпелі» үкіметінде лауазымдардың біріне ие болу мүмкіндігін де мәлім етті. Қалай болғанда да, Мысырда жасақталатын жаңа үкімет оппозициялық «Мұсылман бауырлар» қозғалысынсыз жасақталмайтыны анық, деп пайымдады Ә.Мұсса.

Естеріңізге сала кетейік, Мысырда үкіметке қарсы наразылық шаралары өтуде. Демонстранттар 1981 жылдан бері билік басында отырған Хосни Мүбарактың отставкасын талап етуде. Дегенмен, Х.Мүбарак 2011 жылдың қыркүйек айына белгіленген президенттік сайлауға қатыспауға келіскенімен, президенттіктен дереу кетуден бас тартты. Ол сондай-ақ, министрлер кабинетін жаңартуға мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар