Араб-мұсылман дерек көздерінің Қазақстанның ортағасырлық тарихы мен мәдениетін зерттеудегі маңызына арналған интерактивті сабақ өтеді
Шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін орта мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына, оқулықтарына енгізу үшін, сондай-ақ оларды жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларына кеңінен таныстыру және насихаттау мақсатында жүзеге асатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, интерактивті сабақты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Құрбанұлы Муминов жүргізеді. «Он-лайн» режіміндегі шараның негізгі мақсаты - жаңа табылған араб-мұсылман дерек көздерінің негізінде Қазақстан тарихының аз зерттелген тұстарымен таныстыру, сондай-ақ Алтын Орда тарихы бойынша табылған жаңа дерек көздерінің маңызын ашу болып отыр. Бұдан бөлек, жаңа табылған материалдар негізінде Қазақ хандығы құрылуының саяси, тарихи және мәдени алғышарттарын қарастыру көзделеді.
Сонымен бірге, орта білім беру ұйымдарына арналған «Менің елімнің тарихы» тақырыбындағы интерактивті сабақтарды өткізу бұдан әрі жалғасатын болады.