Араб шейхтары ғарыш жолын сатып алды

АСТАНА.  Шілденің 30-ы.  ҚазАқпарат -  Араб шейхтары ғарыш туризміне  ықылас   білдіріп отыр - арабтың Aabar Investments компаниясы     уборбитальды  сапарларды  ұйымдастыратын британдық Virgin Galactic  компаниясы    акцияларының  32 пайызын  сатып  алды.   Бұл туралы  «Ресейғарыш» агенттігінің   хабарламасында айтылады.

Араб шейхтары ғарыш жолын  сатып алды

Араб компаниясы  сатып алғанға дейін,    британдық  компанияның  толық акциялар пакеті   кәсіпкер Ричард  Брэнсонға  тиесілі  болатын.   Мәміле сомасы 280 миллион долларды  құраған.   «Ресейғарыш» агенттігінің  ақпараты  бойынша,  Aabar Investments  компаниясы   акцияның 32 пайызын  сатып  ала отырып, Virgin Galactic компаниясының    барлық туристік  және  ғылыми ұшу сапарларына   эксклюзивті    аймақтық   құқық алып  отыр.  Компания сондай-ақ  Әбу-Дабиде  ғарыш айлағын  салмақ.

Естеріңізге   сала кетейік, Virgin Galactic   компаниясы   жер орбитасына  сапар жасағысы келетіндерге     ғарыш қызметін   ұсынбақ ниетте.  Осы  мақсатта  компания "WhiteKnight 2" деп  аталатын  тасымалдағыш ұшақтан  және Space Ship 2"   кемесінен тұратын   арнайы    жүйені   әзірлеуде.   Мұндай   бір ұшу сапарының  құны  200 мың  долларды  құрайтын болады. Оған     Нью-Мексика штатындағы Мохава    шөлінде салынып жатқан    ғарыш  айлағында     үшкүндік  дайындықтан өтудің  құны,  бесжұлдызды   отельде тұру  шығыны,    ғарыштың төменгі шекарасына  ұшу сапары,  Жерге   оралу    сапары кіреді.