Араб тілі - үйренуге жеңіл тіл

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Араб тілі үйренуге өте ауыр деген пікір әлемде өте кең тараған. Бірақ ғылыми тұрғыдан бұл қате көзқарас болып есептеледі.

Араб тілі - үйренуге жеңіл тіл

Араб тілі үнді-еуропалық тілге жатпайды, сондық­тан оның көптеген ерекшеліктері өз­ге­лер­ге таңсық. Ал негізгі ережелерін түсін­ген үйренушіге, керісінше, араб тілі жеңіл тіл болып кетеді. Әсіресе грам­матикасы ұғынықты. Сөзжасам­да­ры­ның қарапайымдылығы сонша, азды-көпті сөздік қор пайда болған­нан ке­йін, кейбір жаңа сөздердің мағынасын шамалап тұрасыз. Қиын­дықтар тек дыбысталуы мәселесіне қатысты болуы мүмкін.

Араб тілі афроазиялық тілдер ұяшығына жатады. Ол - барлық араб мемлекеттерінің ресми тілі. Сондай-ақ БҰҰ-ның ресми тіл­дерінің қатарын­дағы алтаудың бірі. Әлемде араб тілінде сөйлей алатын 250 мил­лион­дай адам бар деп есепте­лінеді. Соны­мен қатар Ислам дінін ұста­натын ел­дерде де жиі оқы­тылады, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.