Арабия шөлі кезінде өзендері мол жасыл аймақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зерттеушілер тобы Арабия шөлі ежелгі заманда өзендер ағып жатқан, шалғыны мол нулы алқап болғандығын, пілдер мен өзге де жануарлардың қаптап жүргендігін айғақтайтын жаңа деректер тапты.
Оксфорттың және Сауд Арабиясының ғалымдары Үлкен Нефуд алқабындағы кеуіп қалған өзен табанынан 300 жыл бұрынғы піл сүйектерін тапты.
Жақсы сақталған пілдің ұзын таяқ тісі екі метрден асады.
Бұлар ертеде жоғалып кеткен орман пілінің азу тістері деген болжам жасалып отыр. Осы жерге жақын маңнан ежелгі заманғы адамдардың тастан жасалған құралдары да шықты, деп хабарлайды БИ-Би-Си.