Арабша үйлену: күйеу жігіт - 11 жаста, қалыңдық - 9 жаста. ВИДЕО
АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мысырлық БАҚ-та 11 жасар жеткіншек пен 9 жасар қыздың үйлену тойы түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Утро.ру.
Видеода көрсетілгендей, «күйеу жігіт» смокинг киген, ал «қалыңдықтың» үстінде той көйлегі, екеуі үйлену тойында билеп жүр.
Бұл бейнеклип Египет жұртшылығының арасында наразылық тудырды. Өйткені араб елдерінде 18 жасқа толған соң ғана некеге тұру рұқсат етілген.