Арабтар сирек кездесетін құс етімен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 22 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданы «Бетпақ дала» құм аймағы ауданында Сарысу АІІБ табиғатты қорғау қызметкерлері рейд жүргізу барысында Сауд Арабиясының 1976 жылы туған А және Ф. есімді азаматтарын ұстады.

 Арабтар сирек кездесетін құс етімен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олардың «Ниссан-Патрол» маркалы көліктерін тексеру кезінде жер бетінен жойылып кету қаупі туындап отырған құстардың, атап айтқанда 6 қарабауыр бұлдырық пен 1 дуадақ еті тәркіленді.

Көлікті тексеру барысында сондай-ақ қос ауызды мылтық пен 7 патрон табылды.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот алды тергеу жүргізілуде.