Араға 10 жыл салып Қазақстан «Әлем мистері» халықаралық байқауына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан әлемдік деңгейдегі жігіттің сұлтаны байқауына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Араға 10 жыл салып Қазақстан «Әлем мистері» халықаралық байқауына қатысады

«10 жылдан соң Қазақстан »Әлем мистері« бүкіләлемдік байқауына қайта оралды. Ағымдағы жылдың 15 сәуірі мен 15 шілде аралығында аталмыш байқауға қатысушы үміткерді анықтау мақсатында ұлттық іріктеу өтті. Іріктеу нәтижесінде 32 үміткердің ішінен астаналық 21 жасар студент Әділбек Нұрақаев Қазақстанның атынан »Әлем мистері« халықаралық байқауына шақырту алды», - деп жазылған «Mister Kazakhstan»-ның Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, парақшадағы дерекке сенсек, халықаралық байқау тамыздың 6-сы мен 23-і күндері Филиппин астанасы Манила қаласында өтеді.