Араға 55 жыл салып орысша-қырғызша сөздік жарық көрді
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қырғызстанда 55 жыл ішінде алғаш рет орысша-қырғызша сөздік жарық көрді. Оны шығарумен тіл мамандары 25 жыл бойы айналысыпты.
mir24.tv хабарлағандай, жаңа төрт томдық академиялық басылым қазіргі орыс тілі мен қырғыз тілінің ең көп қолданылатын сөздері мен фразеологизмдерін қамтиды. Оған барлығы 85 мың сөз кірген. Тіл мамандары мен оқушылар үшін сөздік практикалық оқу құралына айналуы тиіс.
Айта кетейік, осы басылым 1957 жылдан кейін шыққан бірінші сөздік болып отыр. Оның шығарылуына Ресей елшілігі, Қырғызстандағы Ресейдің ғылыми және мәдени орталығы қолдау көрсетті