Арагчи Иранның Вашингтонға шабуыл дайындап жатқаны туралы ақпаратты теріске шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Тегеран Вашингтонда химиялық қару қолдануды жоспарлап отыр және бөгеттердің астына зымыран базаларын салып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды Report.az.

Арагчи Иранның Вашингтонға шабуыл дайындап жатқаны туралы ақпаратты теріске шығарды
Фото: Report

Басылымның хабарлауынша, министр бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

Арагчидің айтуынша, соңғы 72 сағат ішінде Израильді қолдайтын бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында осындай мазмұндағы хабарламалар жарияланған. Ол бұл ақпараттарды «сандырақ» деп атап, Ирак соғысы кезіндегі үгіт-насихат науқанымен салыстырды.

Иран Сыртқы істер министрі мұндай мәлімдемелердің артында Тель-Авив тұруы мүмкін деген болжам айтты. Сондай-ақ оның сөзінше, қоғам мұндай ақпараттарға байыппен қарамайды.

Бұған дейін Иран Бахрейндегі АҚШ радиолокациялық станциясын жойғанын мәлімдеген еді.