Арақ-шарап өндірісін лицензиялау нормалары өзгертілетін болады - Е. Досаев

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Арақ-шарап өндірісін лицензиялау нормалары өзгертілетін болады.
None
None

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, заң жобасына сәйкес депутат Мұрат Бақтиярұлы Қазақстандағы арақ өнімдерінің 40 пайызы «көлеңкелі» экономикаға тиесілі екенін алға тартып, 2014 жылдан бастап бұл көрсеткіш артып кетпей ме деген күдігін білдірген еді. «Заңсыз әрі қолдан арақ-шарап жасайтындарға жауапкершілік қатая ма?» деп сұрады сенатор.

«Расында да «көлеңкелі» экономикада проблема баршылық. Оның ішінде арақ-шарап мәселесі де өзекті. Осыған орай, салық комитеті бұл бағытта лицензия беру нормаларын өзгерткелі жатыр. Бұған қатысты арнайы заң жобасы әзірленді. Бұл құжат Мәжіліске 1 желтоқсанға дейін енеді. Екіншіден, «көлеңкелі» экономикаға қатысты жауапкершілікке Қылмыстық кодексте де нормалар қатайтылатыны қарастырылады», - деді Ерболат Досаев.

Соңғы жаңалықтар