04:21, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Арақты сылқытып алған жүргізуші 6 мас жүргіншіні қағып кетті
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Мәскеудің батысында жеңіл көлік 6 адамды қағып кетті,

деп хабарлады РИА Жаңалықтар агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Төтенше оқиға Мякининск тас жолында кеше орын алған. Агенттіктің хабарлауынша, араққа сылқия тойған 6 жүргінші жағажайдан қайтып келе жатқан. Оларды қаққан көліктің рөліндегі жүргізуші де мас болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, төтенше оқиғаға тап болғандардың ешқайсысы да ауыр жарақат алмаған.