Арал ауданында бір күнде үш мектеп ашылды (ФОТО)
Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш білім ордаларының ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев келіп қатысты. Министр халықты мектептің ашылуымен құттықтап, Қырымбек Елеуұлымен бірге білім ордаларының салтанатты тұсаукесер рәсімін жасады. Меймандар мұнан соң мектептегі сынып бөлмелерін, денешынықтыру залын, кітапхана, асхаларын аралады. Білім ошағындағы оқушылармен тілдесіп, жаңа нысанның заманауи талаптарға сай келетінін, енді бұл оқу ордасында тек қана жақсы жетістіктерге жете берулеріне сәттілік тіледі. Мектептегі ұстаздар қауымымен кездесіп, жаңа білім ошағында барлық жағдай жасалғанын, соған сай еңбек ету қажеттігін айтты. Ауылдағы ағайынның көптен күткен жаңа мектептері де ашылды. Енді елді мекендегі балалар жаңа ғимарат қабырғасында білім алады. Бұл қуанышқа куә болған ата-ана да, жас ұрпақ та дән риза. Олар өз кезектерінде елімізді көреген саясатымен алға жетелеп отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа өздерінің ыстық лебіздерін жолдап, білім министрі Аслан Сәрінжіповке, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа алғыстарын білдірді.