Арал қасіреті Pink Floyd рок-тобының жаңа клипі бейнесюжетінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты британдық Pink Floyd рок-тобының Арал теңізінің проблемаларына арналған клип түсірді. Бұл ролик «The Endless River» рок классиктерінің жаңа альбомына енеді, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Жан-жағын құм басқан балықшылар кенті, «қаңыраған кемелер» құмда «балықшы» болып ойнаған балалар, міне, осы көріністердің бәрі талантты музыкаға айрықша әсер береді. Pink Floyd Қазақстаннан түсірілген бейнесюжеттермен шектеліп қалған жоқ, өзбек аумағынан да экологиялық апатқа қатысты кадрларды клипке қыстырды.

Атақты британдық музыканттарды экологиялық проблемалар да толғандыратынын айтпағанда, олар әсіресе, тұмса табиғаттың эстетикалық көркемдігін де өз сюжеттеріне арқау еткенді қалайды. Мұндай қызығушылық көптеген суретшілерде бар. Кәдімгі қарапайым адамдар сияқты, олар да ескі қорғандардың орнын, тұмса табиғатқа зиян келтіретін көріністерді түсіруге құмар, ал мұның өзі жаһандық апаттан хабар беріп тұрса, музыкаға қоса, ғаламдық проблемаға жұртшылықтың назар аударары сөзсіз.

Мәселен, американдық Сан-Диего қаласының маңында да Аралға ұқсас Солтон Си көлі бар. Өткен ғаырсдың 30-шы жылдары бұл ара гүл жайнаған нулы жер, сәнді курорт болған, онда демалып, табиғатын тамашалауға Американың түкпір-түкпірінен келетін. Кейінен өзен арнасы тартылып, су тұздана бастады, онда жүзу мүмкін болмады. Ғимараттың сортаң тартқан қирандылары, машиналар мен автобустардың тат басқан бөлшектері - бір кездегі тамаша көл жағажайының қазіргі пейзажы осындай.

Дегенмен бүгінгі күндері де мұнда келушілер аз емес. Көңілсіз пейзаж көптеген адамдарды мұнда тартуда, «өліп бара жатқан» табиғаттың соңғы көріністерін суретке түсіруге әуестік басым. Мұнда голливудтық режиссерлер өздерінің ақырзаманның басталуы туралы шытырман оқиғалы фильмдерін түсіруде.

Бүгінде тартылып бара жатқан Аралдың өлі қалалары Орталық Азияға саяхаттайтын батыстық туристердің барлық жолкөрсеткіштеріне енген. Мұнда жүздеген шақырым тұз басқан қатал шөл даланың үстімен жүруге болады.

Өзбектің Мойнақ қаласы - Арал қасіреті символдарының бірі. Бұдан отыз жыл бұрын ол гүлденген балықшы қала болатын. Жергілікті тұрғындар тамаша жағажайларын, тулаған балықтарын мақтаныш ететін. «Мұнда бір сағаттың ішінде бір шелек балық аулауға болатын еді. Тап-таза теңіз суы қандай еді?! Қара теңіз курорттары мұның қасында жіп есе алмайтын еді», деп мойнақтық тұрғын өкінішпен басын шайқады.

Ал Мойнақ бүгінде Арал теңізінен 100 шақырым әріде жатыр. Дегенмен бұрынғы теңіз жағалауындағы өмір іздерін байқауға болады. Қаланың кіре берісіндегі балық бейнесі салынған герб өше бастаған. Қаңырап қалған мәдениет үйінде шетсіз-шексіз көл айдынындағы балықшылар кемелері бейнеленген кеңестік мозаика сақталып қалыпты. Бұрынғы теңіз жағасы бүгінде құм басқан шөлге айналған, оның шетінде Екінші дүниежүзілік соғыс батырларына қойылған ескерткіш жетімсіреп, күйі қашқан.

Арал теңізі кеңестік кезеңде Әмудария мен Сырдария өзендерінен күріш, мақта өсіруге есепсіз су алуы кесірінен осындай күйге ұшырады. Тағдырдың тәлкегін қараңыз, Аралдың тартылуы алып кеңестік империяның құлауымен тұспа-тұс келді.

Pink Floyd қираған кеңестік империя кеңістігінде мұндай клиптерді бірінші рет түсіріп отырған жоқ. Бұдан жарты жыл бұрын ағылшын тобы украиналық Припять қаласында - қазіргі Чернобыль апатынан кейін қалған жерде де клип түсірген болатын. КСРО-ның бұрынғы кеңістігінде осылай жапа шеккен жерлер аз емес-ау!.. Олар талай бейнесюжеттерге, қорқынышты фильмдерге азық болары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар