Арал теңізінде шағын көлемді кемелерді пайдалану талаптары бұзылып жатыр

АСТАНА.  10 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылы сәуір айында Арал теңізінде қайғылы оқиғаның салдарынан 2 балықшы суға батып кеткен.  

Арал теңізінде шағын көлемді кемелерді пайдалану талаптары бұзылып жатыр

Алдын ала тексеру нәтижелері бұл қайғылы оқиғаның шағын көлемді кемелерде қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан орын алғандығын көрсетті. Осыған байланысты, Қызылорда көлік прокуратурасының, ішкі істер органдарының және көлік инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп кіші Арал акваториясының қызметін жүзеге асыратын балық аулаушылар бригадаларына қатысты рейд жүргізілген болатын. Нәтижесінде «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бұзылғандығы анықталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасынан хабарланды.

Тексеру барысында «Қуаныш» ЖШС-нің басшылығы өз учаскесіне балық аулаушылар бригадаларына тексеру жүргізу кезінде су көлігіне қажетті құжаттары жоқ қызметкерлерге жұмыс жасауға рұқсат еткен. Сонымен қатар, тексеріс әрбір кеме жүргізушілер мен балық аулаушылардың жеке құтқару кеудешелерінің болмағандығы және балық аулауды мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген кемелер арқылы жүзеге асырылғандығы анықталған. Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты Қызылорда көлік прокуратурасымен аумақтық көлік инспекциясына прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, нәтижесінде шағын көлемді 8 кеме иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.