Арал тұрғыны бюллетень салатын жәшікті теуіп сындырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арал тұрғыны бюллетень салатын жәшікті теуіп сындырды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арал тұрғыны бюллетень салатын жәшікті теуіп сындырды

«Бір-екілі оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Мысалы, Қызылорда облысының Арал қаласында №42 сайлау учаскесінде, таңертеңгі 9-да Ысқақов деген азамат мас күйде келіп, сайлау жәшігін аяғымен теуіп сындырды. Қазіргі уақытта ол кісі медициналық мекемеге жеткізіліп, әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр», - деді М.Қожаев.

Жалпы, оның атап өтуінше, сайлау өткізу күні құқықтық тәртіп мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр.