Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Аралас жекпе-жек: Алтынбек Бақтыгелдинов IFC чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ММА шебері Алтынбек Бақтыгелдинов IFC чемпиондық белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Аралас жекпе-жек: Алтынбек Бақтыгелдинов IFC чемпионы атанды

Германияның Витлих қаласында ММА Integra FC9 бойынша халықаралық турнир өтті.  Кеше басты айқаста қазақстандық спортшы Алтынбек Бақтыгелдинов төреші шешімімен жергілікті Ойген Дэлден басым түсті және қарсыласының жеңіл салмақтағы чемпион белдігін иеленді.