Аралас жекпе-жек: қазақстандық спортшы қарсыласын уақытынан бұрын жеңді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Almaty Arena-да қазақстандық промоушнның аралас жекпе-жектен Naiza 37 турнирі өтіп жатыр, оған қазақстандық спортшылар да қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Аралас жекпе-жек: қазақстандық спортшы қарсыласын уақытынан бұрын жеңді

175 фунтқа дейінгі категорияда октагонда қазақстандық Нұрбек Отар мен Әзербайжан өкілі Мұхамад Исмаилов кездесті. Жекпе-жектің екінші раундында отандасымыз қарсыласын ұрып құлатты.

Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Отардың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.

Еске салайық, кештің басты оқиғасы Серік Разғалиев (7-1) пен бразилиялық Дуглас де Оливейра (10-5) арасындағы жекпе-жек болмақ. Жеңімпаздар жартылай орта салмақ дәрежесіндегі чемпион атағы үшін бақ сынайды.