Аралас жекпе-жектен халықаралық KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES турнирінің супер жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жаңа ғана Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жек бойынша халықаралық «KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES» турнирінің супер жекпе-жегінде қазақстандық сайыпқыран Асқар Үмбетов (66 келі) Кайл Розевскийді (АҚШ) жеңіп, бүгінгі турнирдің Кубогына ие болды.
None
None

Сонымен қатар, 57 келі салмақ дәрежесінде Алпамыс Әдиатов қытайлық Джыфа Шангпен шыққан болатын. Өкінішке қарай жерлесіміз жеңіліп қалды. Қытайлық спортшы қолына ауырту әдісін қолданды. Екінші жекпе-жекте 61 келі салмақ дәрежесіде Алтынбек Бәжімов қытайлық Алатыңг Хейлиді бірінші раунда мойнын қылғындыру әдісімен тізе бүктірді. 72 салмақ дәрежесінде Руслан Хамзаев франциялық Абделькерим Эл-Куэдимен кездескен болатын. Сайыс аса тартысты өтті. Ұпай санымен Руслан жеңіске жетті. 61 келі салмақ дәрежесінде Нұрберген Шәріпов қытайлық Ма Шуангты жеңді, 77 келі салмақ дәрежесінде Бауыржан Қуанышбаев қытайлық Шуй Йугхаоны үшінші раундта мойнын қылғындыру әдісімен тізе бүктірсе, 66 келі салмақ дәрежесінде Нұржан Тұтқа франциялық Максим Джиаколонені үшінші раунда қолын қайыру арқылы жеңді.

Соңғы жаңалықтар