Аралда қалып қойған бір үйір жылқы құтқарылды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада аралда қалып қойған 12 жылқы құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.
None
None

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Қызылорда қаласының тұрғынынан Мерей мөлтекауданы маңында жылқылары су басқан аймақта қалып қойғандығы жөнінде хабар түсті.

Жасақ құтқарушылары құрамында 7 құтқарушы 1 бірлік техника моторлы қайығымен шұғыл түрде шақырылған жерге шығып, желтоқсан айының 25-26 күндері аралығында жасақ құтқарушыларының күшімен жануарларды құтқару және қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Бензинді араның  көмегімен мұзды кесіп жол ашып барлығы 12 бас жылқыны құтқарып, қауіпсіз орынға эвакуациялады. Құтқарылған жануарлардың иелері құтқарушыларға алғыстарын білдірді. 

Соңғы жаңалықтар