Аралда қар құрсауында қалған 32 адам құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ақпан айының 19-күні кешқе қарай Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылынан 8 шақырым жерде Қамыстыбас - Бөген автожолында қар құрсауында қалып қойған 1 жеңіл автокөліктегі 2 адамды облыстық төтенше жағдайлар департаменті құтқарып қауіпсіз жерге жеткізді.
None
None

Ал келесі күні құтқарушылар түске дейін осы ауданныңҚосжар ауылынан 7 шақырым жерде Қамыстыбас - Бөген автожолында қар құрсауында қалып қойған 10 автокөлікті 32 адамымен құтқарып, арнайы  техникалардың көмегімен тазартылған автожолға  шығарды.

Екі жағдайда да жарақат алған немесе зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар