Аралдық жеке кәсіпкер мектеп-интернат үйі шәкірттеріне жазғы спорт киімдерін тарту етті - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал қаласындағы «Дана» сауда үйінің қызметкері, жеке кәсіпкер Төремұрат Нұрлыберген №2 облыстық арнаулы санаториялық мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне жазғы спорт киімдерін сыйға тартты.
Жомарт жанның қолынан мұндай тосын сыйлықты 40 бүлдіршін алды.
- Халқымызға тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз, - деді ол осыған арналған шарада сөйлеген кезінде. - Еліміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Сіздер де келешек Отан айбыны болып, Отан үшін аянбай қызмет етеді деп сенемін.