Аралық сот ісін енгізудегі мақсат - кәсіпкерлік субъектілеріне дауларды шешудің демократиялық, жедел әрі экономикалық тәсілдерін ұсыну - З.Баймолдина

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Аралық сот ісін енгізудегі мақсат - кәсіпкерлік субъектілеріне дауларды шешудің демократиялық, жедел әрі экономикалық тәсілдерін ұсыну.

Аралық сот ісін енгізудегі мақсат - кәсіпкерлік субъектілеріне дауларды шешудің демократиялық, жедел әрі экономикалық тәсілдерін ұсыну - З.Баймолдина

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттық қызметін жетілдір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырған ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина айтты.

«Аралық соттар туралы» және «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» заңдар 2004 жылы қабылданған. Осы заңдар 8 жыл бойы қолданыста болғанына қарамастан аталған институттардың кең ауқымды қолданылуына жеткілікті серпін бере алмады», - деді ол.

Вице-министрдің айтуына қарағанда, бүгінде 21 ғасырда дамыған мемлекеттерде экономикалық және халықаралық құқықтық даулардың 70-90 пайызы аралық сот ісін жүргізу аясында шешіледі.

«Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы сот процесі өзінің ұзақтығы мен көп сатылығымен сипатталады. Бұл бизнеске олардың арасында туындаған дауларды жедел шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұндай дауларды төрелік пен аралық соттар арқылы шешкен жөн», - деді З.Баймолдина.