«Арай» паркінде мұз айдыны ашылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында «Арай» паркінде астаналықтар үшін мұз айдыны ашылды. Салтанатты шараға «Есіл» ауданының әкімі Сабила Мұстафина қатысты, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

- Біріншіден, парк қаланың орталық бөлігінде орналасқан, сол жағалауда, орталық парк деуге де болады. Сондықтан тұрғын алабтарына, халыққа, балаларға жақын болсын деген ой келді. Парктің жанында мектеп бар, айдынды осы жерге жасадық. Ауданы 5 мың метрлік жерде аспанға ұмтылған жебе түрінде мұз айдыны ашылды, деді «Есіл» ауданының әкімі Сабила Мұстафина.

Жаңа мұз айдынының сыйымдылығы - 250 адам. Мұнда мерекелік көңіл-күй бірден сезіледі, музыка да ойнап тұр. Ресми ашылу салтанатынан кейін «Астана» ХК жастар командасы айдынға шықты.

Паркте медициналық пункт, дәмхана, радиорубка, конькиді жалға алу орны, сондай-ақ жылыну аймағы мен LED-экран бар. Конькиді жалға алу құны сағатына 500 теңге. Түнде айдында иллюминациялық жарықтандыру қосылады.

Айта кетейік, «Есіл» ауданы аумағында Шығыс Ильинка және Пригородный тұрғын алабтарында тағы да екі айдын жасалмақ.

Соңғы жаңалықтар