Арбаға таңылған лаңкес Бейжің әуежайында бомба жарып жіберді
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Жарылыс Бейжіңнің халықаралық әуежайының ұшып келу залында болған.
Алдын ала болжамдар бойынша бомбаны мүгедектер арбасына таңылған ер адам жарған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 18:24-те «Шоуду» әуежайының 3-терминалында болған. Осы жағдайды көзбен көргендер Weibo шағын блогтар сервисінде былай деп жазады: Мүгедектар арбасындағы ер адам ұшып келу залының шыға берісінде қолындағы ақ пакетін бұлғап, әлдеқандай сөздерді дауыстап айтқан.
Бұл жағдайдан кейін көп ұзамай жарылыс болған.
Оқиғаға күдікті лаңкесті ауруханаға жеткізген, алайда оның жағдайы белгісіз күйде қалып отыр. Қытайдың CCTV мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, зардап шегуші Шаньдунь Цзи Жон Цзинь провинциясының 34 жастағы тұрғыны екен.
Абырой болғанда, жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.