Арбамен билеуден Қазақстан чемпиондары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыдағы «Halyk Arena» көпфункционалды кешенінде арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Чемпионатта 15 облыстан 100-ге жуық параспортшы бақ сынады. Ел біріншілігін тұңғыш рет аккредиттелген спорттық би федерацияларының қауымдастығы өткізді.  



«Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы керемет болды. Өткен жері де әдемі. Қатысушылар үшін барлық жағдайды жасадық. Енді 2019 жылы әлем чемпионатын күтеміз. Өтетін орны мен күні жақын арада белгілі болуы керек», - деді чемпионат төрешісі Алексей Верига.  

Оның айтуынша, біріншілікте озып шыққандар еліміз намысын әлем чемпионатында қорғайтын болады. Бүгінгі жарыс күнінде қатысушылар әдемі ырғақ билерін көрсетіп, фристайл мен сингл биледі. Танго, вальс, самба, румба, джайвтан өзара мықтылар анықталды. Бірінші жарыс күнінде комби стандарт, комби латина және дуо стандарттан жеңімпаздар белгілі болған еді.



Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.


Сингл.
Ерлер (2 класс):

1. Михаил Бычковский

2. Александр Чащин

3. Талғат Аманбеков

4. Есет Дәрібаев

5. Қайрат Нұғманов

 

Сингл. Әйелдер (1 класс):

1. Юлия Калинина

2. Балжан Бейсебаева

3. Роза Смағұлова

4. Алтынашар Қалубаева

5. Екатерина Федоренко

6. Гүлмира Жанғалиева

  

Сингл. Әйелдер (2 класс):

1. Нарғыз Ахметова

2. Айдана Нұртазина

3. Дияна Смағұлова

4. Аруна Жаксағұлова

5. Ақңұр Ақжаркенова

 

Фристайл. Әйелдер (1+2 класс):

1. Аруна Жаксағұлова

1. Ақңұр Ақжаркенова

1. Нарғыз Ахметова

2. Роза Смағұлова

2. Бақтыгүл Әлімбекова

2. Юлия Калинина

3. Людмила Башкенова

3. Гүлмира Жанғалиева

3. Армангүл Болатжан

 

Фристайл. Ерлер (1+2 класс):

1. Александр Чащин

2. Қайрат Нұғманов

 

Бірінші жарыс күнінің нәтижелері:


Комби стандарт (1 класс)

1. Мақсат Сәрсебаев / Фируза Қайлұқова (Астана)

2. Сергей Богдашин / Эвелина Хлебнова (Екібастұз)

3. Роман Литвинов / Юлия Калинина (Қостанай)

  

Комби стандарт (2 класс) 

1. Марат Қарақұлов / Нарғыз Ахметова (Тараз)

2. Михаил Бычковский / Дана Ли (Алматы)

3. Данил Цихлер / Аруна Жақсағұлова (Қостанай)

 

Комби латина (1 класс)

1. Қанат Иманғалиев / Сабина Қасымова (Алматы)

2. Есболат Балбаев / Томирис Ерболат (Атырау)

3. Сергей Богдашин / Эвелина Хлебнова (Екібастұз)

  

Комби латина (2 класс)

1. Михаил Быковский / Дана Ли (Алматы)

2. Қайрат Нұғманов / Аружан Болатова (Орал)

  

Дуо стандарт (1 класс)

1. Асылбек Қапарбаев / Жазира Ақбердиева (Ақтау)

 

Дуо стандарт (2 класс)

1. Михаил Бычковский және Екатерина Парафиева (Алматы) 

2. Талғат Аманбеков / Нарғыз Ахметова (Тараз)

3. Александр Чащин / Аруна Жақсағұлова (Қостанай)

  

Дуо латина (2 класс)

1. Талғат Аманбеков / Нарғыз Ахметова (Тараз)

2. Андрей Чащин / Аруна Жақсағұлова (Қостанай)

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар