Әрбір 35-ші лондондық - миллионер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон миллионерлер көп тұратын қалаға айналды, делінген оңтүстікафрикандық New World Wealth консалтинг компаниясының зерттеулерінде. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Әрбір 35-ші лондондық - миллионер

Сарапшылардың бағалауынша, 3 пайыздан астам лондондықтардың таза активтері миллион доллардан асады.

New World Wealth зерттеулеріне қарағанда, қаланың 395 600 тұрғыны долларлы миллионерлер қатарында. Өткен жылы осындай зерттеу қорытындысымен Лондон Токио мен Нью-Йорктен кейін үшінші орынға шыққан болатын.

Лондон әлемдегі дәулетті адамдарды Еуропадағы бас қаржы орталығы ретінде өзіне тартуда.

New World Wealth зерттеу жүргізуде ірі бағалы заттарды сатып алу, соның ішінде, өнер туындыларын, жеке ұшақтар, жылжымайтын мүлік, яхта сатып алу статистикалық мәліметтері қаперге алынды. Есепте миллионерлердің өздері тұратын үйлері мен пәтерлері есепке алынған жоқ, бірақ басқа жылжымайтын мүліктері ескерілді.