Әрбір азамат терроризм мен экстремизм жолын кесуге дайын болуы керек - Н.Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Терроризм мен экстремизммен ең үлкен күрес - жастардың білімі мен мәдениеті, бірлігі мен тұтастығы. Бұл туралы бүгін Назарбаев Университеті түлектерінің екінші салтанатты оқу бітіру рәсімінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Әрбір азамат терроризм мен экстремизм жолын кесуге дайын болуы керек. Мұндай сын-қатерлермен ең үлкен күрес - жастардың білімі мен мәдениеті, бірлігі мен тұтастығы. Көзі ашық, көкірегі ояу, жан-жақты білімі бар адам ешқашан арандатушының айтқанына ермейді. Керісінше, адасқан жандардың түзу жолына түсуіне ықпал етеді. Сендер ғылым мен технологияны игеріп қана қоймай рухани кемел азамат болуларың қажет. Қоғамдағы кез келген жағымсыз құбылысқа тойтарыс беруге дайын болуға тиіссіңдер. Біліммен қатар отаншыл, қырағы, мақсаткер және еңбекқор болсаңдар тәуелсіздігімізді нығайтуға сүбелі үлес қоса аласыңдар», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар