Әрбір бесінші еуропалық мұсылман болады - The Daily Mail
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - 2050 жылға қарай Еуропаның әрбір бесінші тұрғыны мұсылман болады. Американдық Көші-қон саясаты институтының мамандары осындай түйінге келіп отыр,
деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Бүгінде еуропалық елдердегі мұсылмандардың үлесі 5 пайызға жуықты құрайды. Бірақ та 2050 жылы бұл көрсеткіш 20 пайызды құрайтын, ал Ұлыбритания, Испания және Нидерланды елдерінде бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болады.
Мамандардың айтуынша, Еуроодақ елдеріндегі жергілікті халықтың арасындағы бала туу көрсеткішінің төмен деңгейі мен ислам елдерінен келген эмигранттардың отбасындағы бала туу көрсеткішінің жоғарылығы - осы жайттың бірден-бір себебі.
Оған қоса, жыл сайын еуроодақ елдеріне 2 миллионға жуық адам қоныс тебеді, олардың басым көпшілігі мұсылман елдерінен көшіп келетіндер. Бұл проблеманы мамандар «демографиялық бомба» деп атап отыр, деп жазады The Daily Mail басылымы.