Әрбiр екiншi қазақстандық қауiпсiз донорлық туралы бiлмейтiн болып шықты - ДСҰ

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Әрбiр екiншi қазақстандық қауiпсiз донорлық туралы бiлмейтiн болып шықты.

Әрбiр екiншi қазақстандық қауiпсiз донорлық туралы бiлмейтiн болып шықты - ДСҰ

Бұл туралы бүгiн Астанадағы "Қан орталығында" Дүниежүзiлiк донорлар күнiне арналған шарада Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкiлi Мелита Вуйнович мәлiм еттi.

"Биыл бiз "Өмiр тамшысы" қоғамдық ұйымымен бiрге жасаған зерттеудi аяқтаған болатынбыз және өте қызықты мәлiметтерге тап болдық. Қауiпсiз донорлық туралы сауал қойғанымызда әрбiр екiншi респондент ол туралы тiптi ештеңе естiмегенiн айтты. Сұралғандардың 30 пайызы қанды қайда тапсыру керектiгiн бiлмейдi. Донорлық жайында бiлетiндердiң 95 пайызы қауiпсiз донорлық туралы ақпараттарға сенiммен қарайды", - деп атап өттi М.Вуйнович.

Оның айтуынша, қазақстандық донорлардың 77 пайызы қан тапсыруды 16-25 жас аралығында бастаған. Сондықтан М.Вуйнович жастар арасында тегiн донорлықты насихаттау қажет деп есептейдi.