Әрбір елдің ұлттық деңгейде ауқымды реформалар жүргізуі маңызды - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әрбір елдің ұлттық деңгейде ауқымды құрылымдық реформалар жүргізуі маңызды. Бүгін Астана экономикалық форумының пленарлық сессиясында сөз ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікірін айтты.
None
None

«Әрине, әрбір елдің ұлттық деңгейде ауқымды құрылымдық реформалар жүргізуі маңызды. Қымбатты достар, Қазақстан тіпті картада шекарасы жоқ болған жас мемлекет. Биыл егемендігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Тарих үшін жылт еткен бір сәтке тең ширек ғасыр уақытта біз картада шекарасы жоқ мемлекеттен әлемнің бәсекеге қабілетті елу экономикасының қатарынан табылған мемлекетке айналдық. Осы уақыт ішінде дамымаған экономикалық жүйеден ашық нарықтық экономикаға көштік. Бұл өзгерістер әрине қиын болды, бірақ, біздің ел үшін пайдалы өзгерістер еді. Алда атқарар жұмыс та көп. Тәуелсіздіктің таңы енді атқанда Қазақстанның осындай жетістікке жететініне сенгендер аз еді...», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

«Қазақстанның институттары мен экономикасын іс жүзінде нығайту оңайға соқпады. Оны түсінесіздер деп ойлаймын. Біз жүргізген реформалардың басты нәтижесі - халқымыздың әл-ауқаты жақсарды. Тәуелсіздік жылдарында доллармен есептесек, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2014 жылды қоса санасақ, 20 есеге, орташа жалақы 17 есеге артқан. 2 млн халықты жұмыспен қамтыдық. Осы мінберде тұрып, қазақ халқы мен қазақстандықтар дәл қазіргідей жақсы өмір сүрмегенін мәлім ете аламын», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар