Әрбір этномәдени бірлестікте мемлекеттік саясатқа белсенді араласып кете алатын жас көшбасшыларды тәрбиелеу керек - Ә.Рақымжанов

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазірден бастап әрбір этномәдени бірлестікте мемлекеттік саясатқа белсенді араласып кете алатын жас көшбасшыларды тәрбиелеу керек.
None
None

Бұл пікірін бүгін Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІ сессиясы барысында елорда әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазірден бастап әрбір этномәдени бірлестікте Астананың экономикалық әлеуеті мен этносаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға, барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған - мемлекеттік саясатқа белсенді араласып кете алатын жас көшбасшыларды тәрбиелеу керек. Бұл оңай жұмыс емес екендігі түсінікті. Сондықтан қалалық билік оның тиімді шешілуі үшін қажетті барлық көмекті көрсетуге әзір», - деп атап өтті ол, сессияға жиналған Ассамблея мүшелеріне қаратып айтқан сөзінде.

Сондай-ақ Ә.Рақымжанов бүгінде Астана қаласы әкімдігінің қарауына өтіп жатқан Бейбітшілік және келісім сарайынан республикалық орталықтармен тығыз жұмыс жасап отырған этномәдени бірлестіктерге 12 кеңсе берілетінін атап өтті.

«Дағдарыс уақытында тек өзінің ғана жағдайын ойламау қажеттігін әрқайсыңыз жіті түсініп отырғандарыңызға сенімдімін. Ел мен қаламыз сіздердің, ең алдымен - шығармашылық күш-жігерлеріңізді қажет етеді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар