«Әрбір қан доноры - қаһарман» акциясы өтеді

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Ертең Бүкіләлемдік қан доноры күні шеңберінде сағат 10-00-де Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында (Астана қ-сы, Жәнібек, Керей хандар к-сі, 10) «Әрбір қан доноры - қаһарман» деген ұранмен акция өтеді.

«Әрбір қан доноры - қаһарман» акциясы өтеді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шара шеңберінде қан тапсыру ісіне ерекше белсенді атсалысқан донор азаматтар мен ұйымдардың жетекшілері марапатталып, алғыс хаттар және естеліктер табыс етіледі. Олар үшін арнайы флэш-моб көрсетіліп, концерт ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, акцияға ҚР Парламенті депутаттары қатысады деп жоспарланып отыр.