Әрбір қазақстандық еліміз қол жеткізіп отырған жетістіктерге өзінің де қатыстылығын сезінуі керек - Н.Назарбаев

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Әрбір қазақстандық еліміз қол жеткізіп отырған жетістіктерге өзінің де қатыстылығын сезінуі керек. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев аймақ әкімдерімен болған жұмыс кеңесінде мәлім етті.

Әрбір   қазақстандық   еліміз қол жеткізіп отырған   жетістіктерге  өзінің  де  қатыстылығын  сезінуі керек -   Н.Назарбаев

Кеңес барысында Президент сондай-ақ жақын арада Қазақстанда бірқатар маңызды шаралар өтетінін, оның ішінде ЕҚЫҰ саммиті, VII қысқы Азиялық ойындар сияқты шаралардың бар екенін айтып өтті. Оған қоса, келесі жылы қазақстандықтар ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткелі отыр.

«Әрбір қазақстандық еліміз қол жеткізіп отырған жетістіктерге өзінің де қатыстылығын сезінуі керек. Аймақтарда осынау атаулы оқиғаларды кеңінен насихаттауға зор маңыз беруді қамтамасыз ету қажет», - деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде.