Әрбір қазақтың тәуелсіз мемлекетті дамытуға күш қосуы - оның қасиетті парызы болуы тиіс - Ә. Кекілбаев

АСТАНА. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Әрбір қазақтың  тәуелсіз мемлекетті дамытуға күш қосуы - оның қасиетті парызы болуы тиіс.  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» құрметті атағын алған  белгілі жазушы, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаев осылай деді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгінгі кеште көрсеткен пейіл, ықыласыңызды Алла қабыл көрсін. Жұрт алдында аз-кем еңбегімді көптей көріп, аса жоғары бағаладыңыз. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп, омырауыма   қададыңыз. Бұл аса зор баға, биік құрметтің басқа мемлекеттерде қадірі азайып, қасиеті кеміп жатқанда біздің елімізде бұрынғысынша ардақталып, құпталуда. Бұл үшін туған елімнің алдында шексіз қарыздармын»,  деді Ә. Кекілбаев. 

Сөз арасында жазушы еліміздің мәдениетін марқайтатын шұрайлы шығармалардың әлі алда екендігін айты.

«Мен бұндай жоғарғы атақты күтпеген едім.  Елбасымыз Н. Назарбаев мен туралы өте жақсы сөздерді көп айтты. Дегенмен, мен әрбір қазақтың тәуелсіз мемлекетті дамытуға күш қосуын - қасиетті парыз санаймын», деді Ә. Кекілбаев.

Соңғы жаңалықтар