19:11, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Әрбір министрлік елімізде не болып жатқанынан хабардар болып отыруы тиіс - Г. Қарағұсова
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Әрбір министрлік елімізде не болып жатқанынан хабардар болып отыруы тиіс. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Парламенті Мәжілісі, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, депутат Гүлжан Қарағұсова осылай мәлімдеді.

Депутаттың пайымынша, Үкімет - бұл біртұтас орган. «Сондықтан да, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқа министрліктен бөле-жара жұмыс істей алмайды. Ал ол үшін әрбір министрлік елімізде не болып жатқандығынан хабардар болуы керек. Әлбетте, кейбір артық буындар алып тасталуы мүмкін, дегенмен бұл - үкіметтік регламент. Сонымен қоса, жаңа бюджеттік саясат бойынша ең ақыр аяғы түпкі нәтиже не екенін айқындауға және қаражатты тиімді пайдаланудың не екенін нақты түсінуге тапсырма жүктелді емес пе?» - деді Г. Қарағұсова.