Әрбір өңірде алғашқы медициналық көмек орталықтары құрылады - министр Біртанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қарыз сомасы 80 млн АҚШ долларын құрайды. Қазақстан Республикасының бірлесіп қаржыландыру көлемі 10 млн доллар. Қарыз санаты - институционалдық, сыйақы мөлшерлемесі - 2,03 пайыз. Өтеу мерзімі 5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 15 жылды құрайды. Қарыздың аяқталу күні 2021 жылғы 30 маусым. Жобаның мақсаты денсаулық сақтау қызметін көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыру болып саналады. Сонымен қатар халық үшін қаржылық тәуекелдерді төмендету де көзделген»,-  деді заң жобасын таныстырған еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Оның айтуынша, жоба үш компоненттен тұрады. Бірінші компонент ұлттық міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қолдау. Бұл компонентті іске асыруға  14,68 млн доллар көзделген.  Халықаралық тәжірибенің негізінде бұл компоненттің аясында міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына институцоналды көмек көрсетілетін болады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен сақтандыру пакетінің аясында медициналық көмектің көлемдері айқындалады. Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйелерін электронды денсаулық сақтау жүйесімен және басқа да ведомстволармен ықпалдастыру жүргізіледі. Медициналық қызметтердің тариф қоры жүйесі жетілдіріледі және көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемдерін бақылау тетіктері енгізіледі.

«Денсаулық сақтау ұйымы желісін дамыту» деп аталатын компонентке 14,23 млн АҚШ доллары көзделген. Бұл компоненттің бірнеше маңызды мақсаттарының ішінде қоғамдық денсаулық сақтаудың 10 жедел функциясын іске асыру үшін қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру және нығайту, елдің әрбір өңірінде  алғашқы медициналық көмектің 16 үздік тәжірибе орталығын құру, жарақтандыру және мамандарды халықаралық талаптарға сәйкес оқыту, стационарлық және амбулаторлық желіні дамыту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларды іске асыру қарастырылған», - деді ол.

Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын  басқару компонентіне 16,6 млн. АҚШ доллары қарастырылады. Оған жоба аясында шамамен 600 медициналық ұйым клиникалық хаттамалардың ұсыныстарына сәйкес медициналық  жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен  толықтай жарақтандырылатын болады.    

Соңғы жаңалықтар